Skip to main content

БМЖ саласындағы саясат

САПА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ, ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІКТІ АРТТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ

 

САЯСАТ

       «Қарағанды Жарық» ЖШС тұтынушыларға электр энергиясын сапалы және үздіксіз беруді және таратуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ірі электр желілік кәсіпорындарының бірі болып табылады.

         Біздің міндетіміз – тұтынушылардың қажеттіліктеріне және біздің Компанияның қызметкерлерінің кәсібилігіне бағдарлана отырып, энергия ресурстарын ұтымды пайдалану кезінде өңірді перспективалық даму үшін қажетті электр қуатын беру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

      Сапа, Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі, энергия үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру саласындағы саясатты іске асыру Компания ұжымының қызметіндегі мынадай негізгі міндеттермен және бағыттармен қамтамасыз етіледі:

  1. Кәсіпорынды тиімді басқаруға, туындайтын проблемаларды шешуге ықпал ететін қолайлы психологиялық климатты қолдай отырып, менеджментке қойылатын халықаралық стандарттардың, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, қызмет көрсету жөніндегі компанияның қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әрбір қызметкердің кәсіби қызметін жүзеге асыру.

2) Біздің қызметтеріміздің тұтынушыларымен жұмысты жақсарту және жетілдіру – шарттарды ресімдеу, өндірістік процестерді максималды автоматтандыру сатысынан бастап және электр энергиясын тарату, тұтынушыларымыздың жаңа талаптары мен болждалдарын жүйелі талдауға дейін. 

3) Қызметкерлер құрамына, мемлекеттік қадағалау органдарына (талап бойынша қоғамдық инспекторларға) өздерінің кәсіптік қауіптері мен тәуекелдері туралы ақпарат беру. 

4) Апаттылықты, өндірістік жарақаттануды азайту және алдын алу мақсатында қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау саласындағы ережелер мен нормаларды сақтау арқылы денсаулық пен еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді басқару. 

5) Барлық деңгейдегі қызметкерлерді жүйелі оқыту және біліктілігін арттыру, оның ішінде сапалы менеджмент, тәуекелдерді басқару, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жүйесін жетілдіру саласында.

6) Энергия ресурстарын ұтымды пайдалану және энергия тұтынуды азайту арқылы энергия тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау.

Біздің күшіміз –Компания қызметкерлері. Біз – кәсіпорынның табысы мен өркендеуі басты міндет деп білетін әлеуметтік жауапты мамандар командасымыз!

Компания басшылығы заңнамалық актілердің, ISO 9001, ISO 45001, ISO 50001 халықаралық стандарттарының талаптарын сақтай отырып, осы Саясатты қажетті ресурстармен қамтамасыз ету және оны іске асыру бойынша міндеттеме алады. 

 

 

 

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ