Skip to main content

«Қарағанды Жарық» ЖШС базасында оқыту орталығы ашылды.

«Қарағанды Жарық» ЖШС кәсіпорын негізіде оқу орталығының ашылуы өтті. 

2023 жылғы 8 желтоқсанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына Аттестат алынды.

2024 жылғы 16 ақпанда «Атамекен» ҰКП оқу орталықтарының тізілімінде тіркелді.

Орталық кәсіпорын қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт-техникалық минимум, жұмыс кәсіптері саласында даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ ішкі корпоративтік оқытуды жүргізу мақсатында құрылған

 

 

Курстардың атауы:

1.         Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

2.         Өнеркәсіптік қауіпсіздік.

3.         Жүк көтергіш механизмдерді күтіп-ұстауға жауаптылар.

4.         Жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалануды қадағалауға жауаптылар.

5.         Жүктерді крандармен тасуға жауаптылар 

6.         Биіктікте және жоғары өрмелеу жұмыстарын жүзеге асыратын кәсіпорындар жұмыскерлерін 

даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру.

7.         Қысымдағы ыдыстарды қауіпсіз пайдалану.

8.         Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізуші.

9.         Айырлы жүк тиеуіштің жүргізушісі.

10.       Іліп қоюшы.

11.       Электр көтергіші бар гидравликалық қабаттағыш жүргізушісі

12.       Автогидрокөтергіштің машинисі.

13.       Автокранның, манипулятордың машинисі.

14.       Тіреуіш кранның машинисі.

15.       Басшылар мен жауапты тұлғаларға арналған өрт-техникалық минимум.

16.       Электрогазбен дәнекерлеушіге арналған өрт-техникалық минимум.

17.       Электрогазбен дәнекерлеуші.

18.       Қазандық қондырғының операторы.

19.       Люлька жұмыскері.

 

Оқу орталығы өз қызметі аясында АООО және ЖОО ынтымақтастық шеңберінде дуальды оқыту және кәсіптік практикадан өту жүйесін дамытуды жоспарлап отыр.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап «Іліп қоюшы» мамандығы бойынша даярлауға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға арналған бағдарлама бойынша оқыту ашылды.

Бағдарлама 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының қолданыстағы біліктілік сипаттамасы негізінде жасалды.

Курстың мақсаты қауіпсіздік ережелеріне, заңнама талаптарына, техникалық білімдер мен кәсіби этика талаптарына сәйкес жүк көтеру жұмыстары мен жүк көтергіш механизмдерін пайдалану процестерін бақылау саласындағы қажетті білім беру және тексеру, жүк көтеру жұмыстарын жүргізу және жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде жіберілетін қателіктерді жою болып табылады.

Курс барысында: жүк көтеру жұмыстарының қауіпсіз орындалуын ұйымдастыру, ілмектерге қойылатын талаптар және олардың түрлері, әртүрлі жүк көтергіш механизмдер мен құрылғыларды пайдалану тәртібі, жүктерді ілмектеу тәсілдері, жүктерді қоймалау, жүк қармау құрылғыларына қойылатын талаптар сияқты мәселелер талқыланады.

Оқу курсы белгіленген үлгідегі куәлік берумен аяқталады.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ