Skip to main content

⚡Қарағанды қаласында жаңа «Федоровка» қосалқы станциясы

    «Қарағанды Жарық» ЖШС өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуды белсенді түрде жалғастыруда. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде 2024 жылдан бастап жаңа «Федоровка» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде.

✅ Қазіргі таңда қандай жұмыстар істелді?  
🔹 Бос тұрған жер учаскесі рәсімделді  
🔹 10кВ ЖТҚ ғимараты салынды 
🔹 Аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде  
                                                         🔹 Релелік қорғаныс шкафтары мен10 кВ ЖТҚ жабдықтары қосылуда

 📅 Жоба қашан аяқталады?

  Құрылыстың аяқталуы 2027 жылға жоспарланған. Осыдан кейін тұтынушылар ескі қосалқы станциядан жаңасына ауыстырылады, бұл жүктемені біркелкі бөлуге және электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді

 ⚙ Біз аймақ тұрғындарын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жабдықты жаңартуды және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастырамыз!

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ