Жақында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің 2-курс студенттері оқу практикасы аясында қаланың негізгі энергетикалық нысандарының бірі — 110/35/10/6 кВ «Новый город» қосалқы станциясына барып қайтты. Балаларға экскурсияны Қосалқы станциялар қызметінің жетекші инженері – Игорь Нариманович Давыдов өткізді. Ол жабдықтардың жұмыс принциптері туралы айтып қана қоймай, сонымен қатар заманауи энергиямен жабдықтау жүйелері, энергия объектілерін пайдалану ерекшеліктері және қауіпсіздік стандарттарын сақтаудың маңыздылығы туралы құнды практикалық білімімен бөлісті. Студенттер қазіргі заманда қала өмірінің негізінің бірі саналатын энергетикалық инфрақұрылымның құрылымын және олар қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көруге бірегей мүмкіндік алды. Маманмен тікелей байланыс, нақты өндіріс процесімен танысу және қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алу экскурсияны одан әрі пайдалы етіп, студенттерді жігерлендіре түсті. Практика – болашақ мамандарды энергетикадағы шынайы жұмыс жағдайларына дайындаудың ең жақсы тәсілі. Мұндай іс-шаралар студенттердің теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, болашақ мансабында қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ