Персоналдың біліктілігін арттыру, кәсіпқойлықты дамыту және заманауи өндірістік талаптарға бейімдеу мақсатында «Қарағанды Жарық» ЖШС базасында аудандық ТВЭЖ қызметкерлерін оқыту ұйымдастырылды.
Оқыту бағдарламасы аясында жұмыстың техникалық қана емес, сонымен қатар ұйымдастырушылық жағына да қатысты негізгі тақырыптар қарастырылды:
Электр қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
Жеке қорғану құралдарын пайдалану және ұстау қағидалары;
Электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы көмек көрсету;
Кернеуі 0,38-10 кВ электр желілерін техникалық бақылау және пайдалану;
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және электр энергиясының сапасы;
Жедел-диспетчерлік басқару;
Өрт қауіпсіздігі және жедел қызметтермен өзара әрекеттесу;
Экология және зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту;
Курс аяқталғаннан кейін алынған білім мен дағдыларды бағалауға бағытталған персоналды аралық аттестаттау өткізілді.