Бүгін – Балаларды қорғау күні!
Бұл жай ғана мейірімді мереке емес, әрбір баланың махаббатқа, қамқорлық пен қорғауға лайық екенін еске салатын маңызды күн. Дәл осы нәрселер балалық шақты алаңсыз, ал болашақты — бақытты етеді.
Жаздың алғашқы күнінде компания басшысы Дидар Ахмадин “ҚММ “Әсем” балалар үйіне” барып, балаларды мерекемен құттықтады.
Көптен күткен демалыс қарсаңында балаларға жазғы демалысқа арналған сыйлықтар табысталды, ал балалар өз өнерлерімен, көтеріңкі көңіл-күйімен және армандарымен бөлісті.
Біз барлық балаларға жарқын, қызықты және көңілді жаз тілейміз!