Skip to main content

«Қарағанды Жарық» компаниясы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбіліктер өткізуде

«Қарағанды Жарық» компаниясы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбіліктер өткізуде.

 «Таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясы аясында «Қарағанды Жарық» компаниясының мамандары трансформаторлық станциялардың айналасындағы аумақтарда сенбіліктер ұйымдастыруда.
 Атқарылатын жұмыстар қатарына қоқыс жинау, шөп шабу және энергия нысандары маңайын абаттандыру шаралары кіреді.
 Аталған аумақтарда санитарлық тәртіпті сақтау — бұл тек экологияға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар техногендік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарасы.
 Алайда, сенбілік кезінде қызметкерлер тұрғындардың салғырттық әрекеттеріне жиі тап болуда.
 Трансформаторлық қосалқы станциялар аумағына тасталған қоқыстар қаланың көркін бұзып қана қоймай, өрт шығу қаупін де тудырады. Әсіресе ыстық әрі желді күндері бұл аса қауіпті.
 Құрылғылар маңындағы темекі қалдықтары, пластик және құрғақ шөп өртке себеп болып, соның салдарынан кең көлемде электр қуаты апатты түрде өшуі мүмкін.
 Осыған байланысты қала тұрғындарына үндеу жариялаймыз:
 Тоқ жүйесі нысандарына және оған жақын аумақтарға қоқыс тастамауға, сондай-ақ аулалар мен қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырамыз.
 Қоқысты қоқыс жәшігіне дейін апару — қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау жолындағы қарапайым, бірақ маңызды әрекет.
 «Қарағанды Жарық» компаниясы қала тұрғындарын экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға және туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне бірлесіп атсалысуға шақырады.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ