Skip to main content

Инвестициялық бағдарламының жүзеге асырылуы

     Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және ескірген жабдықты жаңғырту шаралары аясында Қарағанды облысы Ақтас кентінде әуе және кабель желілерін қайта құру, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станцияларды техникалық жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

10 кВ әуе-кабель желілерін қайта құру:

қолданыстағы ағаш және темірбетон тіректер СВ 105-5 маркалы жаңа темірбетон бағаналарға ауыстырылды;

жалпы ұзындығы 438 метр ескірген кабель желілері жаңаларымен алмастырылды;

ашық сым АС ұзындығы 5,8 км заманауи өздігінен тартылатын оқшауланған сымға (СИП) ауыстырылды.

0,4 кВ әуе-кабель желілерін қайта құру:

№315, 320 және 264 трансформаторлық қосалқы станциялардан көпқабатты тұрғын үйлерге дейінгі тозған кабель желілері ауыстырылды.

№315, 320 және 264 трансформаторлық қосалқы станцияларын техникалық жаңғырту:

үш жаңа герметикалық жинақталған трансформаторлық қосалқы станция (КТПГ) орнатылды;

үш дана ТМ типті майлы трансформаторлар жоғары қуатты герметикалық ТМГ трансформаторларына ауыстырылды.

Аталған іс-шаралардың жүзеге асырылуы электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін едәуір арттырды, электр желілеріндегі шығындарды азайтты және қазіргі заманғы техникалық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етті.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ