Осипов Константин Анатольевич
Тарату желілері қызметінің бастығы
Константин Анатольевич энергетика саласымен өз өмірін 1997 жылы байланыстырды, әкесi — Осипов Анатолий Евгеньевичтің ісін жалғастырып.
«Қарағанды Жарық» ЖШС-не ол 2003 жылы инженер болып келді, бүгінде тарату желілері қызметін басқарады.
Оның басшылығымен команда келесі бағыттар бойынша жұмыс атқарады:
- 0,4–10 кВ желілерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету,
- жаңа тұтынушыларды қосу,
- жабдықтардың сенімділігін арттыру,
- заманауи технологияларды енгізу.
Оның кәсіби жолы — өз ісіне адалдық пен өңір энергетикасын дамытуға деген ұмтылыстың жарқын үлгісі.