Басталуы: 2025 жылғы 31 қаңтар
Аяқталуы: 2025 жылғы 29 тамыз
Желілік инфрақұрылымды күшейту және «Абайская» шахтасын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар аясында 35/6 кВ «Придолинка» қосалқы станциясындағы 6 кВ шиналардың екінші секциясындағы ескірген жоғары кернеулі жабдық ауыстырылды.
Қайта жаңғырту барысында жоғары жылдамдықты микропроцессорлық басқару жүйелерімен жабдықталған жаңа буынның заманауи жабдығы орнатылды.
Бұл шешім қосалқы станцияның қалыпты жұмыс режимдерінде де, сондай-ақ штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде де тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру стратегиялық маңызы бар нысанды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырумен қатар, қосалқы станцияға қызмет көрсететін персоналдың еңбек жағдайларын жақсартуға және қауіпсіздік деңгейін көтеруге бағытталған.