Құрметті тұтынушылар!
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына енгізген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты (2025 жылғы 29 тамыздағы) 2026 жылдан бастап шот-түбіртектерді электрондық форматта беруге көшетініміз туралы хабарлаймыз.
🌐 Электрондық шот-түбіртектерді қалай аламыз?
Құжатқа қолжетімділікті барынша ыңғайлы ету үшін біз барлық жағдайды қарастырдық:
Kaspi Bank арқылы: Kaspi мобильді қолданбасында коммуналдық қызметтерге ақы төлеу парақшасын ашқан кезде, жоғарғы оң жақ бұрышта құжатқа тікелей сілтеме таба аласыздар.
Интернет-портал арқылы: Егер сізде Kaspi қолданбасы болмаса немесе қосымша қолайлылық үшін төмендегі біздің сайтқа сілтеме бойынша өтіп, БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ бөлімінде төлем жасай аласыздар.
Сондай-ақ, шот-түбіртекті қағаз тасымалдағышта алу үшін меншік иесі жазбаша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша абоненттік бөлімге немесе Ерубаев көш., 44/2 мекенжайы бойынша жүгінуі қажет екенін атап өтеміз.