Кәсіпорын қабырғасында трассалар мен электр жеткізу желілерінің (ЭЖЖ) цифрлық егіздерін құруға арналған қарқынды оқыту өтті. Біздің техниктер мен электрмонтерлер желі нысандарын цифрлық форматқа көшіру және бірыңғай деректер базасын қалыптастыру бойынша біліктіліктерін арттырды.
Біз «1С: Энергетика» жүйесінің жаңа мүмкіндіктерін кең ауқымда меңгеруді жалғастырып, заманауи жетілдірілген модульдерді игеріп, кәсіпорын нысандарының сипаттамасын жоғары дәлдіктегі цифрлық форматқа көшірудеміз.
2026 жыл — Жасанды интеллект жылы деп жарияланған кезеңде деректер сапасы бәрін шешеді. Біз жүйемен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру арқылы желілерді мониторингтеуді автоматтандырып, тәуекелдерді нөлге дейін азайтуды көздейміз. Біздің мақсатымыз — уақытпен қатар жүру ғана емес, заманауи цифрлық экожүйе құра отырып, бір қадам алда болу.