Skip to main content

Трансформаторлық қосалқы станцияларында жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілді

Жаңа тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымның дамуына, сондай-ақ электр жүктемесінің артуына және тұтынушылардан келіп түскен өтінімдерге байланысты ТП-2212, ТП-2213 және КТП-4316 трансформаторлық қосалқы станцияларында жабдықтарды жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Атқарылған жұмыстар аясында қуаттылығы 1250 кВА-ға дейін ұлғайтылған күштік трансформаторлар ауыстырылып, бұл электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, қуат резервін қамтамасыз етуге және жаңа тұтынушыларды одан әрі қосуға жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ