«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» (ККС) компаниялар тобына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС мамандары жабдықтарды күрделі жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жалғастыруда.
Атқарылған іс-шаралар аясында:
✔️ байланыс қосылыстарына тексеру жүргізілді
✔️ жабдықтар мен шиналар тазартылды
✔️ диспетчерлік атаулар жаңартылды
✔️ санитарлық аймақтағы ағаштарды бұтау жұмыстары жүргізілді 🌿
Жұмыстар кешені тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін, қауіпсіздігін және тұрақтылығын арттыруға бағытталған.
ККС өңірлердің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту және қолдау бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.