ҚКС компаниялар тобына кіретін «Қарағанды Жарық» ЖШС мамандары электр желілері инфрақұрылымы нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жалғастыруда.
ТП-1200 және ТП-66 трансформаторлық қосалқы станцияларында жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының кешені жүргізілді.
Жұмыс барысында мамандар:
⚡ 0,4 кВ рубильниктерін ауыстырды;
🔧 түйіспелі қосылыстарды тексеріп, ретке келтірді;
🔩 жерге тұйықтау контурын жөндеді;
💧 күштік трансформатордағы май деңгейін толықтырды;
🧹 қосалқы станция бөлмелерінің қабырғалары мен төбелерін шаң-тозаңнан және ластанудан тазартты.
Осындай жұмыстардың әрқайсысы электр желілерін жарамды күйде ұстауға және олардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған үлкен жүйенің бір бөлігі.
«Қарағанды Жарық» тұтынушыларды электр энергиясымен тұрақты әрі қауіпсіз қамтамасыз ету мақсатында жабдықтарға жоспарлы қызмет көрсету және жаңарту жұмыстарын жалғастыруда.