Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан №2043 трансформаторлық қосалқы станция толық жаңғыртылады.
Ескірген ғимарат пен жабдықтар түгел алынып, орнына әрқайсысының қуаты 630 кВА болатын екі трансформаторы бар заманауи станция орнатылады.
Жаңа нысан Мұқанов көшесіндегі тұрғын үйлерді, қонақүйді, жанармай құю бекетін, көлік жуу орталығын және бірқатар кәсіпкерлік нысанды электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Басты мақсат – электр қуатының тұрақтылығын арттырып, апаттық ажыратулар қаупін азайту.
Қарағандыда электр желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Өйткені тұрғындар үшін ең маңыздысы – үйдегі жарықтың сөнбеуі, ал кәсіпкерлер үшін жұмыстың тоқтамауы.