Республика күні мерекесі қарсаңында мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Іс-шара аясында Қарағанды облысының әкімі әріптесімізге жоғары мемлекеттік награданы табыстады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен «Қарағанды Жарық» ЖШС-нің техникалық директорының электрмен жабдықтау жөніндегі орынбасары Алексей Николаевич Бочарников «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды!
Бұл мемлекеттік награда – көпжылдық кәсіби шеберліктің, өз ісіне деген адалдықтың, жоғары жауапкершіліктің және Қарағанды өңірін тұрақты әрі сенімді электр энергиясымен қамтамасыз етуге қосқан баға жетпес үлесінің жоғары бағалануы.
Алексей Николаевичті лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, амандық-саулық, сарқылмас күш-қуат және кәсіби қызметіңізде жаңа жетістіктер тілейміз!