Құрметті тұрғындар!
isel.kz бірыңғай цифрлық платформасының іске қосылуы туралы хабарлаймыз — бұл коммуналдық қызметтерді басқаруға арналған заманауи құрал.
isel.kz — 24-тен астам коммуналдық қызмет түрін бір жерге біріктіретін «бірыңғай терезе» цифрлық платформасы . Платформа тұтынушылардың су, газ, электр және басқа да қызметтерді жеткізушілермен өзара әрекеттесуін автоматтандырады.
Платформаның негізгі мүмкіндіктері:
Қызметтерге онлайн қосылу;
Бірыңғай төлем құжатын (БТҚ) төлеу;
Үзінділер мен анықтамалар алу;
Өтінім беру және оның мәртебесін бақылау.