2026 жылғы 10 қарашада келесі қалаларда электр энергиясын бөлшек саудада өткізу бағасын көтеру туралы «Қарағанды Жарық» ЖШС өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулар өтті.
сағат 10:00-де: Абай қ., Абай көш., 23А мекенжайында;
сағат 10:00-де: Шахтинск қ., Абай Құнанбаев көш., 50 мекенжайында;
сағат 15:00-де: Теміртау қ., Республика даңғ., 38 мекенжайында;
сағат 15:00-де: Ақтау к., Карл Маркс көш., 5 мекенжайында.
Жария тыңдауларды «Қарағанды Жарық» ЖШС өкілдерінің, қоғамдық белсенділер мен өңірлер тұрғындарының қатысуымен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өткізді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының (бұран әрі – №36 Қағидалар) 3-тармағына сәйкес «Қарағанды Жарық» ЖШС 2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне бағаны көтеру себептерінің негіздемесін көрсете отырып және негіздемелік материалдар мен құжаттарды қоса бере отырып, электрмен жабдықтау бағасының алдағы көтерілуі туралы ақпарат ұсынды.
2024 жылғы 19 желтоқсанда «Қарағанды Жарық» ЖШС энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметінің түріне лицензия алды.
Бүгінгі таңда электрмен жабдықтау қызметі көрсетілетін өңірге Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары, сондай-ақ Абай және Бұқар жырау аудандары мен Қарағанды облысының 90-нан астам кенті мен елді мекені кіреді.
Осы қызмет түрін жүзеге асыру үшін қалалар мен аудан орталықтарында 9 абоненттік учаске жұмыс істейді. Жұмыскерлердің нормативтік саны – 319 адам.
«Қарағанды Жарық» ЖШС негізгі мақсаттары мен міндеттері:
-
электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
-
тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту;
-
тұтынушыларға қызмет көрсету барысында ақпараттық технологиялардың жетістіктерін қолдану.
Тыңдаулар барысында «Қарағанды Жарық» ЖШС өкілдері хабарламаны ұсыну себептерін толық түсіндірді. Оның негізгі факторлары мыналар болып табылады:
-
Электр энергиясын сатып алу тарифінің өсуі;
-
Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша «KEGOC» АҚ көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтің өсуі;
-
Энергиясын беруші ұйымдардың тарифтерінің өсуі;
-
Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасының өсуі;
-
Шығындарды өтеу;
-
Электр энергиясын өткізу көлемінің ұлғаюы;
-
Жабдықтау құрамдас бөлігін қайта қарау.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы өтінімнің мұқият қаралатынын, ал тариф бойынша түпкілікті шешім белгіленген тәртіппен жұртшылықты міндетті түрде хабардар ете отырып қабылданатынын атап өтті.