Skip to main content

Қарағанды облысындағы «Қарағанды Жарық» ЖШС тарату электр желілерін жаңғырту бағдарламасы: Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары

     Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысындағы «Қарағанды Жарық» ЖШС тарату электр желілерін жаңғырту бағдарламасы («Жоба») тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында «Қарағанды Жарық» ЖШС («ҚЖ» немесе «Компания») электр желілік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Еуропалық қайта құру және даму банкі («ЕҚДБ» немесе «Банк») Жоба үшін ҚЖ қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады. Қаржыландыру «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға үлес қосатын ҚЖ инвестициялық бағдарламасын қолдауға бағытталады деп болжануда [ҚЖ инвестициялық бағдарламалары Компанияның сайтында жарияланған: https://www.k-zharyk.kz/ru] .
     ҚЖ Қарағанды қаласында және Қарағанды облысының едәуір бөлігінде электр энергиясын беруді және бөлуді жүзеге асырады және шамамен 300 000 тұтынушыға қызмет көрсетеді. Компания «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» (ҚКЖ) тобына кіреді және ҚКЖ белгілеген, оның ішінде экологиялық және әлеуметтік аспектілерді басқару саласындағы корпоративтік стандарттар мен талаптарды ұстанады.
     Осы құжат Жоба үшін дайындалған мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарын («МТӨІЖ» немесе «Жоспар») білдіреді. Онда жұртшылық, әсіресе жергілікті қоғамдастықтар, жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар Жоба туралы қалай хабардар етілетіні және өз пікірі мен алаңдаушылығын білдіру және оны дайындауға үлес қосу мүмкіндігіне ие болатыны, сондай-ақ шағымдар қалай қабылданатыны және қаралатыны сипатталады.
     МТӨІЖ Жоба объектілеріне 2026 жылғы 8-10 қыркүйекте баруды қоса алғанда, 2026 жылғы қыркүйек-қазанда тәуелсіз консультант ЕҚДБ үшін жүргізген Жобаны экологиялық және әлеуметтік кешенді тексеру           (ЭӘКТ) негізінде дайындалды және Жобаның Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарында (ЭӘІЖ) көзделген мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және шағымдарды қарау жөніндегі іс-шаралармен келісіледі.
     МТӨІЖ «қолданыстағы» құжат болып табылады. Құжат Жобаның іске асырылуына қарай, атап айтқанда мүдделі тараптармен ағымдағы өзара іс-қимылдың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жобалық құжаттама, жер учаскелеріне қажеттілік туралы мәліметтер және құрылыс кестелері пайда болғаннан кейін жаңартылатын болады.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ