2. Қажетті құжаттардың тізімі
1. Электрмен жабдықтау шартына отыру туралы өтініш, объектінің заңды және нақты мекенжайы, банк реквизиттері, байланыс құралдары (Email, факс, телефон);
2. Заңды тұлғаның тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (немесе салық комитетінен тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, жеке кәсіпкер үшін жеке куәліктің көшірмесі);
3. Мүлікті сату-сатып алу, сыйға тарту және т.б. туралы шарттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);
4. Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (шектеулер) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
5. Электр есептегіш құрылғылары туралы анықтама, тұтынушы мен ЭБҰ өкілдері қол қойған;
6. Коммерциялық есепке алу құрылғысын орнату және пломбалау актілерінің көшірмелері;
7. Айлар бойынша бөлінген жылдық электр энергиясын тұтынудың алдын ала көлемдері;
8. Желілердің баланстық тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актілері;
9. ЭБҰ берген немесе ЭБҰ-мен келісілген техникалық шарттардың көшірмесі;
10. Рұқсаттама нысаны туралы қоса берілген куәлікті көрсете отырып, электр шаруашылығына жауапты тұлға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
- Өтініш үлгілері:
(қосымшада)