Инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде Новоузенка кентінде электр желілік инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар белсенді түрде жалғасуда.
Бүгінгі таңда келесі негізгі жұмыстар орындалды:
- 10 кВ және 0,4 кВ кернеулі электр беру ауа желісінің 824 тірегі орнатылды.
- 15 000 метр ӨОС (өзін көтеретін оқшауланған сымдар) монтаждалды (магистрал торап, 4×95 мм² қима);
- 7 200 метр 10кВ ӨОС тартылды (3×95 мм² қима);
- Жалпы ұзындығы 13 000 метр болатын түрлі қималы (2×16 мм2, 4×16 мм2, 4×25 мм2) 0,4 кВ ӨОС пайдалана отырып, тұтынушылардың ғимараттарын қосу орындалды.
- Әрқайсысы 400 кВА қуатты жаңа 2 жиынтық трансформаторлық қосалқы станция (ЖТҚС) орнатылды.
- Сондай-ақ қолданыстағы 2 ЖТҚС 400 кВА қуатты трансформаторларға ауыстырылды.
Жұмыстар жалғасуда. Жақын арада барлық ЖТҚС айналдыра байланыстыру үшін кент ішінде АСБ типті кабельді монтаждау жоспарлануда, бұл электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырады.
Сондай ақ ағымдағы жылдың мамыр айының аяғына дейін тұтынушылардың үйлерінің қасбеттерінде электр энергиясын есепке алу аспаптарын монтаждау жоспарланған.
Осы іс-шараларды іске асыру Новоузенка кентінің тұрғындары үшін электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.