Skip to main content

Іскерлік қарым-қатынас этикасы

     22-23 шілдеде "Қарағанды Жарық" ЖШС Оқу орталығында Call-орталық операторлары үшін "Іскерлік қарым-қатынас этикасы (call-орталық мамандары үшін)"курсы бойынша оқыту тренингі өтті. 

 Курс кәсіби коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға және телефон арқылы клиенттермен тиімді қарым-қатынасты дамытуға бағытталған. 

 Тренинг аясында қатысушылар:

 Компанияның оң телефон имиджін құру тәсілдерін игерді:

 * әңгімелесу барысында корпоративтік этикетті сақтау дағдыларын бекітті;

 * ақпаратты талдауды және нақты тұжырымдауды үйренді;

* өз ұстанымын дәлелдеу дағдыларын пысықтады;

 * Клиентті қажетті әрекетке сауатты жүргізу және қоңырауды дұрыс аяқтау жолдарын зерттеді;

* қарым-қатынас сапасын жақсарту үшін сөйлеу мен дауысты басқаруда тәжірибеден өтті. 

 Оқыту тәжірибелік тапсырмаларға және операторлар жұмыста кездесетін нақты жағдайларды талдауға баса назар аудара отырып, интерактивті түрде өтті.

Авариялық қызмет
БІРЫҢҒАЙ CALL-ОРТАЛЫҚ